Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Реалда" ойнаған футболшы Мессимен командалас болудан бас тартты

AstanaTV
26.07.2023ж. 17:29
697
"Реалда" ойнаған футболшы Мессимен командалас болудан бас тартты

"Реалда" ойнаған танымал футболшы Эден Азар "Интер Майами" командасына ауысудан бас тартты. Ол әлі де Еуропа клубтарының бірінде ойнауға мүдделі, деп жазды  massaget.kz.

"Интер Майами" командасы құрамына кіл мықты футболшыларды шақыруда. Мессиден бастап, Серхио Бускетс, Жорди Альба сынды "Барселонада" ойнаған теңбіл доп шеберлерін қатарына қосты. Бұл сапқа еркін агент ретінде жүрген Азарды да алғысы келген. Алайда шабуылшы Америка асуға асығар емес. 

Эден Азар "Реалға" 2019 жылы "Челсиден" ауысып келген болатын. Мадридтік командамен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жоспарланған. Алайда қос тарап осы маусым соңынан кейін келісімшартты үзді.