$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Полиция көпірден секірмек болған елордалық әйелге әкімшілік хаттама толтырды

AstanaTV
26.07.2023ж. 18:47
793
Полиция көпірден секірмек болған елордалық әйелге әкімшілік хаттама толтырды

Бүгін елордада Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болған әйелдің неліктен мұндай әрекетке барғаны белгілі болды.

«Мән-жайды анықтау барысында әйел бұл әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған.

Биыл 6 сәуірде сот органы ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі оның ұлы екені анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Астана қалалық полиция департаментінен.

Еске салайық, бүгін 12:20 шамасында елордалық әйел Астанада Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болды. Оқиға орнына дереу жеткен елордалық құтқарушылар оны сатысы бар арнайы техниканың көмегімен түсіріп алды.