$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұржан Төлендиевтің қызы күйеуімен қалай танысқанын айтты

AstanaTV
26.07.2023ж. 19:37
809
Нұржан Төлендиевтің қызы күйеуімен қалай танысқанын айтты

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің қызы Қорлан күйеуімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Өнер иесінің қызы Instagram-парақшасында оқырман сауалына жауап берді.

Желі қолданушылардың бірі Қорланнан "Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз, айтып беріңізші" деп сұраған.

"Негізі қатты қызық оқиға емес (әдеттегідей). Ол Instagram-нан жазып жүрген. Мен жауап бермегеннен соң, телефон нөмірімді, мекенжайымды тауып алған. Содан гүл жібере бастады. Біраз уақыт көңілді тауып жүрді. Солай өзіне назар аудартты", - деп жазған ол.

Еске салайық, Әзілкештің қызы биыл ақпанда тұрмысқа шыққан еді. Нұржан Төлендиевтің қызының құдалығы дүркіреп өткен еді.