$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өте күшті Доксури тайфуны Филиппинге жетті

AstanaTV
27.07.2023ж. 07:10
1383
Өте күшті Доксури тайфуны Филиппинге жетті

Филиппиннің солтүстігіне төнген қуатты Доксури тайфуны мен содан болған жел мен нөсер жауын салдарынан бір адам қаза тапты. Апат салдарынан мыңдаған адамдар жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жағалауға жақын маңдағы ауыл тұрғындары тайфунға дейін қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған болатын.

Тайфун кезінде желдің жылдамдығы сағатына 175 шақырымға жетті. Болжам бойынша, тайфун күшін сақтап, жұма күні таңертең Қытайдың жағалаудағы провинцияларына жетеді.

Шілдеде рекордтық деңгейге дейін көтерілген ауа температурасы әлемде бейберекетсіздік тудырып, АҚШ пен Жерорта теңізінде орман өрттері тұтанды. Ғалымдардың пікірінше, жаһандық жылыну дауылдардың күшеюіне себеп болады.

Филиппинде бір адам Ризал провинциясында суға батып кетті, деп хабарлады ұлттық төтенше жағдайлар агенттігі. Филиппин жағалау күзетінің дерегінше, елде қозғалыс тоқтағаннан кейін 4000-нан астам адам порттарда қалып қалған.

Қытай оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына 17 шілдеде Талим тайфуны төнгеннен кейін екі апта өтпей жатып Доксури тайфуны екінші рет құрлықтық Қытайға жетпек.