$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екібастұздағы өрт: қаза тапқан жасөспірім жанармай құю бекеті иесінің ұлы болып шықты

AstanaTV
27.07.2023ж. 09:05
1114
Екібастұздағы өрт: қаза тапқан жасөспірім жанармай құю бекеті иесінің ұлы болып шықты

Екібастұздағы жанар-жағармай құю бекетіндегі өртті сөндіру кезінде өлі табылған жасөспірім жанармай құю бекетінде оператор болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұны Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Өрт кезінде қаза тапқан 2006 жылы туған жігіт жанар-жағармай құю станциясының операторы болып жұмыс істеген. 17 жастағы екібастұздық жасөспірім өрт шыққан газ құю бекетінің иесінің ұлы болған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ департамент оқиға орнында марқұмның мәйітінен бөлек "Газель" көлігінің болғанын, оның толығымен жанып кеткенін хабарлады.