$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлттық банк 200 теңгелік қағаз ақшаға қатысты мәлімдеме жасады

AstanaTV
27.07.2023ж. 12:48
1406
Ұлттық банк 200 теңгелік қағаз ақшаға қатысты мәлімдеме жасады

Номиналы 200 теңгелік банкноттар қабылданбай жатқаны туралы шағымдарға байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ұлттық банк еске салып өткендей, Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді.

«Бұған қоса, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтеміз. Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады. Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық Банктің байланыс орталығына хабарласуға болады», - деп түсіндірді ҰБ.