Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанай облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді

27.07.2023ж. 20:00
681
Қостанай облысында ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді

Тобыл өңірінде қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Ұйымдасқан топ 2022 жылдан бері ет сату бойынша жасанды мәмілелер арқылы қазына қаражатын жымқырып 1,6 миллиард теңгеден астам ақшаны қалтаға басқан. Топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарып отырған. Оның құрамына қарамағындағы қызметкерлер, шаруа қожалық басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірген. Қылмыстық схема бойынша олар шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытына аты да заты жоқ өнімдерді жеткізіп, субсидиядан түскен сомманы өзара бөлісіп оңай олжаға кенелген. Қазіргі уақытта қылмыстық топқа қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалығы анықталды. Он жеті қылмыстық іс тіркелді. Топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында жалпы сомасы 3 миллионнан астам АҚШ доллары бар екені белгілі болды. Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 миллион теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді.