Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте экс-медбике есірткі есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

Шымкентте экс-медбике есірткі есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды

Шымкентте экс-медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды. Қала аумағында психотроптық заттар жасырып кетумен айналысқан бойжеткенді қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында ұстады. Кезекті жұмысына кіріскен кезде полицейлерді байқап қалған ол есірткі орамынан тезірек құтылу үшін, қолындағы затын жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза “синтетика” тапты. Полицейлер ұсталған бойжеткеннің көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам барын анықтады. Онда гашиш болған. Бұдан бөлек оның көлігінің ішінен құпия орындарды қазуға арналған пышақ та табылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бауыржан ҚАРБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Белгілі болғанындай жеке басын анықтау барысында аталған азаматша бұрын медицина саласында қызмет атқарғандығы анықталды. Қазіргі таңда тергеушілер бұл деректі ҚР ҚР 297 бабы бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.