$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде әскерге шақырылған 2600-ден астам азаматтың несиесін төлеу кейінге қалдырылды

27.07.2023ж. 20:00
782
Елімізде әскерге шақырылған 2600-ден астам азаматтың несиесін төлеу кейінге қалдырылды

Елімізде әскерге шақырылған 2600-ден астам азаматтың несиесін төлеу кейінге қалдырылды. Мұны Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты. Оның сөзінше, аталған шара әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оны қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп жүзеге асырған. Бұдан өзге, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында арнайы цифрлық платформа құрылды. Ол әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді. Осы арқылы әскерилер жоғары оқу орындарына тегін түсуіне мүмкіндік беріледі.

Дархан АХМЕДИЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жүйеде мерзімді әскери қызметшілердің барлық бағаларын оларды ауыстыру мүмкіндігінсіз көрсетіледі. Жүйе мерзімді әскери қызметшілердің рейтингін олардың қорытынды бағалары бойынша автоматты түрде құрастырады және автоматты түрде жоғары оқу орындарына таратады

Алайда түрлі жеңілдіктерге қарамай, әскерден жалтару үшін жалған анықтама жасағандар да бар. Олар анықтамаларды саудаға салған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.