$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Актер Еркебұлан Тоқтар шоколад сатып, ақша тапқан қызға көмектескенін айтты

AstanaTV
27.07.2023ж. 23:56
2217
Актер Еркебұлан Тоқтар шоколад сатып, ақша тапқан қызға көмектескенін айтты

Белгілі актер әрі файтер Ербұлан Тоқтар әлеуметтік желіде басынан өткен қызық жайтпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ең қатты ішім ашып, жүрегім ауырып кеткен кез – Есентайда жүрсем, бір қыз келеді. 11-12 жасар қазақтың қызы. "Аға, шоколад аласыз ба?" – дейді. Ер балаларды көрсем, олай жүрегім ауырмайтын. Қызды көргенде жүрегім ауырып кетті. "Не істеп жүрсің?" десем, "Домбыраға ақша жинап жүрмін" дейді. "Мен қарындасыма 20 мың теңгеге домбыра алып бергенмін. Мен саған 20 мың теңге берейін. Сен бұлай жүрмеші, өтініш. Қайтшы үйіңе. Қыздарға бұлай жүруге болмайды" дедім. Қыз қуанып кетті. 20 мың теңге бердім. Астанаға шықпай тұрып, екі-үш күн бұрын тағы да бір мейрамханада отырсам, ана қыз: “Шоколад аласыз ба?” – деп тағы келді. “Мен саған алдында бердім ғой, сен шықпаймын деп едің ғой” десем, "Мен басқа домбыра алайын деп едім" деп өтірігін құрастыра алмай қалды. Өздері сондайға құмар болып бара ма? Әлде біреулер жібере ме? Түсінбей қалдым", – деген ол.

Актердің бұл әңгімесінен кейін желі қолданушылары мұны қымбатшылықтан көрсе, енді бірі “жасаған жақсылығыңды жария қылма” деп ескертті.

“Жиырма мың теңге жетпейді”, “Жиырма мың теңгеге жақсы домбыра келмейді”, “Халық қиын хәлде”, “Жақсылық жасапсың, көпке жария қылудың керегі жоқ”, “Оларды жұмсайды, солай ақша табатындар бар”, “Солай жеңіл ақшаға үйренеді”, – деп жазды желідегілер.