$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісу облысында балабақша асханасынан ішек таяқшалары табылды

28.07.2023ж. 20:00
1418
Жетісу облысында балабақша асханасынан ішек таяқшалары табылды

Жетісу облысы Қабанбай ауылындағы «Қуаныш 2» балабақшасында шу шықты. Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына шағымданды. Айтуларынша, мұнда балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі екен.

Фарш сасып кеткен ғой. Ужас қой мынаның иісі. Сонда бәрібір ме балалар не жесе де?

Сондай-ақ терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақандар ата-аналардың жағасын ұстатты. Осыған орай өңірдің санитарлық дәрігерлері аталған мекемеде жоспардан тыс тексеріс бастады. Зертханалық зерттеулерге ас блогының 4 персоналынан бактерия тасымалдаушылыққа алынған сынамалардан теріс нәтиже анықталды. Дайын тамақ өнімдерінен алынған 4 сынама оң нәтиже көрсетіп, 20 шайындының 2 сынамасынан ішек тобы таяқшасы бактериялары анықталды.

Самат АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Зертханалық зерттеулерге дайын тамақ өнімдерінен микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге сынама, микробиологиялық зерттеуге патогенді микрофлораға шайынды алынды. Нәтижесі жұмыс үстінде, тексеріс жалғасуда. Бүгін аяқталады. Тексеріс нәтижесі бойынша санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.