Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісті

28.07.2023ж. 20:00
916
Жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісті

Елордада 700-ден астам сарбаз алғаш рет қызметке кірісті. Жақында ғана әскери ант қабылдаған жас жауынгерлерге қару-жарақ бекітіліп, әскери техника тағайындалды. Күн сайын мыңнан астам әскери қызметші екі ауысымда елорданың төрт ауданын күзетеді.

Рахат ТОҚТАРБАЕВ, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

Астанамыздың көшелерінде қоғамдық тәртіп бұзушылық болмауын қадағалаймыз. Ал, басқа күндері бізде, дүйсенбі, вторник күндері сабақтар болады осыған байланысты.

Жауынгерлер жуырда ғана жас сарбаз курсынан өтті. Бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысты, жаңа ортаға бейімделді. Әскери Жарғы талаптарын үйренді.

Жеңісхан ШОНЫҚБАЙ, №5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІ:

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және қылмыстарды ашуға қатысу. Төрт тапсырма бойынша патрульдік пост қызметке шығады.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қоғам тыныштығы мен қала тәртібін сақтауда Ұлттық ұлан сарбаздарының атқарар міндеті зор. Темірдей тәртіпті сақтайтын жауынгерлер күн-түн демей, кірпік қақпай қызмет етеді.