Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қырғыз Республикасы конституцияға өзгеріс енгізетін мерзімді бекітті

Қырғыз Республикасы конституцияға өзгеріс енгізетін мерзімді бекітті

Қырғызстан конституциясының түпнұсқасы деп «Эркин-Тоо» басылымындағы мәтінді есептеуге болады. Бұл туралы біздің арнаға берген сұхбатында Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің басшысы айтты.

Ибрагим Нуракон улу, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші баспасөз қызметінің басшысы:

Жогорку Кенештегі президенттің өкілі өзінде түпнұсқаның жоғын айтқан. Бірақ кейін «Эркин-Тоо» басылымындағы мәтін түпнұсқа екені анықталды. Бізде тәртіп бойынша кез келген заңнама үкіметтік газетке шыққан соң ғана күшіне енеді. 

Еске салсақ, өткен аптада Қырғызстан конституциясының түпнұсқа мәтіні жоғалғаны белгілі болды. Ел парламенті басты заңға өзгеріс жасау бойынша референдум өткізуді талқылаған кезде, осы жәйт анықталған. Яғни мемлекеттің негізгі заңының қайда екенін ешкім білмейтін болып шықты. Кейін президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов 6 жыл бойы үкіметтік газетте басылған нұсқаның қолданылып келгенін мәлімдеді.

Бір қызығы - 2014 жылы конституциялық палатаға сұрау түседі. Онда 2010 жылғы конституция мен басылымдағы мәтінде айырмашылық бар екені айтылған. Қысқасы, қырғыз парламенті конституцияға өзгеріс енгізетін мерзімді бекітті. Референдум 11 желтоқсанда өтеді.

Айбек ҚОСАН