$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Жарты жылда елімізде 350-ге жуық адам астан уланды

AstanaTV
28.07.2023ж. 19:00
1108
Жарты жылда елімізде 350-ге жуық адам астан уланды

Жарты жылда елімізде тамақтан 345 адам уланды.

«2022 жылы тамақтан жаппай уланудың 39 жағдайы тіркеліп, 712 адам зардап шеккен. Соның арасында 206 бала болды. Ал, 2023 жылдың 6 айында осындай 15 жағдай анықталып, 345 адам астан уланған және оның ішінде 131 бала болған. Биыл тамақтан улану салдарынан бір адам көз жұмды», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің  берген жауабында.

Былтырғы 6 айдағы мәліметтерге тоқталсақ, сол кезеңде 397 адам зардап шеккен, соның арасында 96 бала бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шілде айының басында Кентауда фаст-фудтан уланғандар саны 100-ге жетті.