$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

AstanaTV
28.07.2023ж. 20:55
1223
Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

 Жапонияның Фукуока қаласында су спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Алдын ала қорытынды бойынша, жүзуден қазақстандық Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықты 51,68 секунд нәтижемен еңсерді. Осылайша 14-орынға ие болып, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Әйелдер арасындағы отандық жүзу спортының өкілі Диана Тасжанова 1983 жылдан бері Марина Уфимцеваға тиесілі болып келген 800 метрге еркін стильде жүзк рекордын жаңартты. Диана 8:51,46 секундта алдын ала жүзу кезінде қашықтықты еңсеріп, 30-шы нәтиже көрсетті.