$476.27 €515.47 ₽5.41
×

«Ақтөбе-Алматы» пойызында атыс қаруымен жүрген жолаушы ұсталды

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
2347
«Ақтөбе-Алматы» пойызында атыс қаруымен жүрген жолаушы ұсталды

«Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойызда жолаушылардың бірі өзімен бірге Байкал маркалы атыс қаруын алып жүрген. Оны Қызылорда стансасы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері құрықтады. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Қармақшы ауданы тұрғынынан атыс қаруымен қатар бес оқ тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша, қару атуға жарамды деп табылды.

Қазір осы дерекке орай қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 36 жастағы жолаушы Қызылорда қалалық сотының шешімімен қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ.

Айта кетейік, осыған ұқсас дерек 2012 жылы да орын алған. Желілік ішкі істер бөлімі басшыларының айтуынша, ол кезде тәртіп сақшылары Алматыда атыс ұйымдастырды деп айыпталып бүгінде сот алдында жауап беріп жатқан Руслан Күлекбаевты қолға түсірген.

Берік Баймұратов, Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

Соңғы деректер бойынша аты шулы Күлекбаев деген азаматты біздің қызметкерлер 2012 жылы ұстаған. Ол кезде одан атыс қаруы алынған - ревнаган және жеті атуға жарамды патрондар. Содан кейін ол 3 жылға сотталып, келгеннен кейін жаңағыдай оқиғаға душар болып отыр.