Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Ювентус» барлық еурокубоктардан дисквалификацияланды

AstanaTV
29.07.2023ж. 11:53
732
«Ювентус» барлық еурокубоктардан дисквалификацияланды

УЕФА Италияның Турин қаласының «Ювентус» клубын барлық еуропалық жарыстардан бір жылға шеттету туралы түпкілікті шешім қабылдады. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап Championat.com жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша «Ювентус» Конференция лигасы – 2023/2024 ойындарынан тыс қалып отыр. Бұдан бөлек, 20 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, Турин командасын еурокубоктардан шеттетуге себеп – УЕФА 2022 жылдың желтоқсан айында бастаған тексерулердің нәтижесі. Онда дау тудырған клубтың баланс есептері қаралып, қаржылық фэйр-плей ережелерінің бұзылғаны анықталған.

«Ювентус» өткен маусымда чемпионатта 62 ұпай алып, жетінші орынға орналасқан болатын. Туриндік команда Конференция лигасы – 2023/2024-те ойнауы тиіс еді. Чемпионат барысында олардан 10 ұпай алынып тасталды. Команда Чемпиондар лигасынан топтық кезеңде шығып қалды. Еуропа лигасында жартылай финалға дейін жетті. Ал Италия кубогында жартылай финал сатысында өнерін аяқтады.