Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қытайда 700 мыңнан астам адам «Доксури» тайфунынан зардап шекті

AstanaTV
29.07.2023ж. 16:55
925
Қытайда 700 мыңнан астам адам «Доксури» тайфунынан зардап шекті

Қытайдың Фуцзянь провинциясының 700 мыңнан астам тұрғыны «Доксури» тайфунынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дауыл салдарынан 120 мыңнан астам тұрғын Фуцзянь провинциясының қауіпсіз аймақтарына көшірілді, 260 га егістік жер бүлінді, бұл 7,3 млн доллар көлемінде тікелей экономикалық шығынға әкелді.

Қытай метеорология қызметінің мәліметінше, «Доксури» тайфуны құрлыққа шыққан кезде оның эпицентріне жақын желдің максималды жылдамдығы 50 м/с-қа жетті. Тайфун солтүстік-батыс бағытта материктік Қытайға 30 км/сағ жылдамдықпен жылжып, біртіндеп әлсірейді деп күтілуде.

Метеорологтардың бағалауынша, «Доксури» биылға Қытайдағы ең қуатты тайфун болды.

Табиғи апатқа байланысты Фуцзянь провинциясының ірі қалаларында жұма күні сабақ, жұмыс және іскерлік белсенділік тоқтатылды. Билік тұрғындарды үйден шықпауға, сондай-ақ ауыз су мен азық-түлік қорын жасап алуға шақырды.

Дауыл салдарымен күресу үшін 3 мыңнан астам әскери қызметші мен 300-ден астам техника жұмылдырылған.

Қытай билігі Фуцзянь, Гуандун және Чжэцзян провинцияларына «Доксури» тайфуны аймаққа әкелген дауыл мен нөсер жаңбырдың салдарын жою үшін 90 млн юань бөлді.