Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытайдағы Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

AstanaTV
29.07.2023ж. 20:10
779
Қытайдағы Жазғы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дзюдошы Сұңғат Жұбатқан үздік үштікке ілікті.

Сұңғат қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты ұтты.

Жарыс барысында С.Жұбатқан мажарстандық, түрікменстандық және әзербайжандық дзюдошыларды қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол берді.

Универсиада 28 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.