Денсаулыққа пайдалы, ешқандай қоспаларсыз дайындалатын шырындардың бірі - смузи. Соңғы жылдары арықтаймын деген жандар мен салауатты өмір салтын ұстанатындардың сүйікті қоспасына айналуда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаз айы басталысымен жыл бойы істеп үлгермеген шаруаларымызға көңіл бөле бастаймыз. Ағылшынша еркін сөйлеп үйренемін, спортпен шұғылданамын, шет елдерге шығамын тағысын тағы… Қаншама жұмыстың шаңын қаптыру үшін денсаулығыңыз шыдамды, күш-жігеріңіз сарқылмастай болуы керек. Ол үшін күнделікті тұтынып жүрген асыңызға мән бергеніңіз жөн. Ал, Сіз ағзаңызды пайдалы дәрумендермен қамтамасыз етіп жүрсіз бе?
Таңғы астың пайдасын біле тұра, талғампаз жандардың таңғы асқа тәбеті ашыла бермейтін кездері жиі кездеседі. Ол жандарға айтарымыз, тым құрығанда жеміс- жидектерден дайындалған пайдалы смузи ішіп алғаныңыз жөн. Артықшылықтары - зат алмасу процессін арттырып, бойыныздағы таңғы энергияны оятуға септігін тигізеді. Смузидің өзі 2-3 сағат қарныңыздың ашпауын қамтамасыз ете алады. Сондықтан, ағзаларыңызға пайдалы деген бірнеше смузидің рецептерін ұсынамыз.
1. “Энергиялы” смузи
Жидектер (қалауыңызша) - 200-300 грамм
Сұлы жармасы - 2 ас қасық
Банан - 2
Сүт - 400 мл
Қант немесе бал қосып, қоспау патша көңіліңіздің еркінде.
2. “Жасыл” смузи
Йогурт - 150-200 гр
Қияр- 2
Қызанақ- 2
Tabasco тұздығы - 2 тамшы
Бір шымшым тұз
3. “Тіл үйірер” смузи
Айран - 300 мл
Банан - 1
Малина - 300 гр
Бал - 1 шай қасық
Сұлы жармасы - 2 ас қасық
Смузи - ішкі құрылыстың белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сондықтан ағзаны пайдалы дәрумендермен қамтамасыз етіп отыруға кеңес береміз.