$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қытайда 800 мыңнан астам адам «Доксури» тайфунынан зардап шекті

AstanaTV
31.07.2023ж. 11:12
1139
Қытайда 800 мыңнан астам адам «Доксури» тайфунынан зардап шекті
russian.news.cn

Шығыс Қытайдағы Фуцзянь провинциясының Су тасқыны мен құрғақшылықпен күрес штабы «Доксури» тайфунынан 880 мыңнан астам тұрғын зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

354,4 мың адам эвакуацияланды және 146,2 мың адам қауіпсіз аудандарға көшірілді.

Қытайдың ұлттық метеорология орталығы (ҰМО) жексенбі кешке тағы да жауын-шашынға байланысты ескертудің «қызыл» деңгейін ұзартты. ҰМО болжамы бойынша, Хэбэй, Шаньси, Хэнань, Шаньдун, Хайнань, Юньнань және Сычуань, Гуанси-Чжуан провинциялары мен Шыңжан-Ұйғыр автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия автономды ауданында, сонымен қатар Бейжің мен Тяньцзинь орталықтан басқаратын қалаларда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Осы аудандарда жауын-шашын мөлшері сағатына 70 мм-ден артық түседі, оған күн күркіреп, жел қосылады.

Жергілікті билік органдары қажетті апаттық-құтқару жұмыстарын тиімді өткізуді қамтамасыз ету керек екенін ескертті.

ҰМО көпшілік іс-шараларды, сабақты, шаруашылық істерді тоқтата тұруға шақырып, таудан аққан тасқын, көшкін немесе сел сынды табиғат апаттары болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.