$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті

AstanaTV
31.07.2023ж. 12:10
835
Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті

Павлодарда үйдің балконы жанып, пәтер иесі зардап шекті.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 шілдеде түнгі сағат 00:03-те Ломов көшесі, 41 мекенжайы бойынша бесінші қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Бір бөлмелі пәтерде 12 шаршы метр аумақта киім мен жиһаз жанғаны анықталды. 39 жастағы үйдің иесі №1 қалалық ауруханаға күйік бөлімшесіне жатқызылды", – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге бес бірлік техника және 22 қызметкер жұмылдырылды.

Жарты сағаттан кейін 00:31 өрт сөндірілді. Үйдің 15 тұрғыны, оның ішінде жеті бала өздері эвакуацияланды.