Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар үш жүзден астам адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова айтты.
«Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар үш жүзден астам адам, оның ішінде 59 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 4000 бас малдың екі мыңға жуығы табылып, қайтарылды», - А. Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, Алматы облысындағы жайылымдардан мал ұрлаған 4 адамнан құралған топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Былтыр қыркүйектен бері олар 30 бастан астам жылқы ұрлаған.
«Кейінгі 5 жылда мал ұрлығы азайды. Егер 2018 жылы 5 мыңнан астам қылмыс тіркелсе, 2022 жылы 1 мыңнан аспады», - деді ведомство өкілі.