$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Шымкентте Автонұр базарының жанынан ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
31.07.2023ж. 15:01
699
Шымкентте Автонұр базарының жанынан ер адамның мәйіті табылды

Шымкентте азық-түлік пен киім-кешек базарының маңынан ер адамның өлі денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша өлім қылмыстық сипатта болған жоқ.

Сыртқы белгілері бойынша қайтыс болған ер кісі белгілі тұрғылықты жері жоқ адам болуы мүмкін.

Өтіп бара жатқан адамдар оқиға орнына құқық қорғау органдарын шақырды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 50 жастағы ер адам қайыр сұраумен айналысқан.

Полициядағылар өлім табиғи себептерге байланысты болғанын мәлімдеді. Тексеру жүргізіледі. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.