Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақмола облысында әкесі үш баласын зорлады деген күдікке ілінді

AstanaTV
01.08.2023ж. 10:12
571
Ақмола облысында әкесі үш баласын зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Ақмола облысында тұрғын кәмелетке толмаған үш баласын зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Жағдайға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 122 бабы 2-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғанын хабарлады.

"2012, 2014 және 2016 жылы туған үш балаға медициналық тексеру жүргізіліп, оның барысында дене жарақаттары, тыртықтар, көгерген жерлер, жыныс аймағында жарақаттар анықталған жоқ. Сонымен бірге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - деп пікір білдірді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.