$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екеуі бала: Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

AstanaTV
01.08.2023ж. 13:27
1071
Екеуі бала: Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

30 шілдеде "Қостанай-Введенка" тасжолының 77-шақырымында "Мерседес" көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, екі факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Облыс жолдарында биыл 41 адам қаза тапқан. Қостанай облысының Полиция департаменті тағы да жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады!", - делінген ПД хабарламасында.