$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 14 жасар ұлды бір топ бала жабылып соққыға жыққан

01.08.2023ж. 20:00
1133
Павлодарда  14 жасар ұлды бір топ бала жабылып соққыға жыққан

Павлодарда 14 жасар ұлды бір топ бала жабылып соққыға жыққан. Ес түссіз жатқан баланы достары тауып алып, жедел жәрдем шақырыпты. Абырой болғанда бала аман қалды. Алайда, денесінің сау тамтығы қалмаған.

Талғат ҚАСЫМБЕКОВ,ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:

Балаға жабық бас ми жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы, өкпесінің соғылуы, бүйрегінің соғылуы көптеген ашық сырылған диагнозы қойылды. Бала барлық толық көлемде ем шара алды.

Қазір бала үйге шығарылды. Алайда, толық жазылып кету үшін оған әлі де 2-3 ай ем қабылдауы керек дейді, дәрігерлер. Ал аталған дерекке байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Айдос ИСАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.