Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты

01.08.2023ж. 20:00
708
Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға «Қостанай-Введенка» тасжолында болған. «Мерседес» көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.

Мақсат ОЙЫҚБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖПҚБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.