Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Түркістан облысындағы Абай ауылы ауыз судың азабын тартып отыр

Түркістан облысындағы Абай ауылы ауыз судың азабын тартып отыр

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Абай ауылының тұрғындары аптап ыстықта ауыз судың азабын тартып отыр. Екі мыңдай халқы бар елдімекенге су ұңғымасы салынғанымен одан шығатын тіршілік нәрі тұзды әрі техникалық су саналады дейді халық. Айтуларынша, ауылға тұщы су аптасына бір-ақ рет беріледі. Оның өзі шеткі көшелерге жетпей де қалатын көрінеді.

Зарина ЖҮНІСОВА, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Оны бочоктарға ана жерге толтырып қоямыз фляктарға. Оны бала-шаға амал жоқ ішеді. Бала-шағамның іші ауырады, іші өтеді.

НАСЫР ҚҰТТЫҚОЖАЕВ, АБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір анау 20 метрге дейін шіріп-шіріп келген судың бәрі. 20 метр жерден су ішіп жатырмыз. Дренажный су дейді оны, малға беруге болмайды екен ғой оны негізі.

Ал ауыл атқамінерлері ауыз су сапасыз дегенмен келіспейді. Десе де қосымша халыққа су тазартқыш қондырғы орнатқандарын жасырмайды. Сөздерінше, күнделікті тұщы су беруге қондырғының қуаттылығы жетпейтін көрінеді. Сол себепті жаңадан ұңғыма қаздырып, ондағы судың сапасы тексеріліп жатқанын жеткізді.

Алтынбек СЕРІКБАЙ, ЕРАЛИЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр тұрғын үйден колонкадан су ағып жатыр. Бізге жарамды ол су ішуге. Жарамсыз болатын болса оны ауыз суды бермейтін еді ғой, жауып тастайтын еді ғой бізде қазір. Қазір қосымша омега орнатылған тәтті су беріледі.