Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жанқош Тұраров әлемдегі ең бай боксшымен кездесті

AstanaTV
01.08.2023ж. 15:37
552
Жанқош Тұраров әлемдегі ең бай боксшымен кездесті

Жарты орта салмақта IBO чемпиондық атағына ие Жанқош Тұраров әлемдегі ең бай боксшы Флойд Мейвезермен кездесіп, бірге түскен фотосын instagram парақшасында жариялады. 

Америкалық боксшы Жанқошты келер апта спаррингке шақырған. 

Әлемнің ең бай боксері @floydmayweather мен бүгін жолықтық, келесі апта спарригке шақырды. Бұрынғы түскен фотоны көрсетіп едім есімде дейді, ризамын Флойдқа, - деп жазды боксшы. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 21 наурыз күні Алматыда өткізді. Мексикалық боксшы Алехандро Менесесті (16-6, 9 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, IBO чемпиондық атағын иеленген еді.