2016 жылы мұнай бағасы барреліне 63 долларға дейін көтерілуі мүмкін. «Kazenergy» қауымдастығы осындай болжамымен бөлісті. 2015 жыл қорытындысы бойынша жасалған екінші ұлттық энергетикалық баяндамада 2020 жылы мұнай 80 долларға дейін баруы ықтимал деп те айтылды.
Болат
Ақшолақов, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры:
2035 жылға дейін әлемдік деңгейде бастапқы энергия ресурстарына сұраныс жыл
сайын 1,3 пайызбен өседі деген болжам бар. Нарықта тепе-теңдік орнаған сайын,
біртіндеп мұнай бағасы өседі. Келешекте оның құны баррелі үшін 100-105
көрсеткішіне қайтып келеді.
«Kazenergy»
сарапшылары елімізде мұнай өңдейтін төртінші зауыт салудың қажеті жоқ деп те
ойлайды. Бензинге деген ішкі сұраныс зауыт салынғанша жойылады деп есептейді.
Сондай-ақ, көмір экспорты да төмендейтінін айтады. Себебі Екібастұз көмірін
жағуға есептеліп салынған ресей электрстанциялары қолданыстан шығарылады. Ал
елімізде өндірілетін уранның 56 пайызын алатын Қытай алда ондай көлемде сатып
алмауы да мүмкін. Қытайлар уран қорын жинауды төмендеткен.
Келесі аптаның соңында Дохада ОПЕК мүшелері, оған мүше емес, мұнай өндіруші өзге де елдер бас қосып, мұнай өндірісін мұздай қатыруды талқылайды. Bloomberg агенттігі Кувейттің ОПЕК-гі ресми өкіліне сілтеме жасайды: Наваль әл-Фузайаның хабарлауынша мұнай өндіруші елдер өндіріс көлемін ақпан айындағы көрсеткіш деңгейінде мұздай қатыруға келісуілері мүмкін. -Баға құлаған қазіргідей уақытта мұнай өндірісін қатырудан басқа амал жоқ,-деген. Кувейт өкілі -баға нарығында тепе-теңдік қалпына келсе, жыл соңына дейін мұнай баррелі $45-$60 дейін өсуі ғажап емес,-деген.
Ал бұл жиынға Қазақстанның шақырылғанын Энергетика министрлігінің баспасөз
қызметі хабарлады. Барып, бармау туралы
мәселе шешілмеген.
Биыл еліміз
мұнай өндірісін 77 млн тоннадан 74 млн тоннаға дейін азайтады.