Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Төрт адам қаза тапты: СҚО-да шошқа өсіретін кешенде төтенше жағдай болды

AstanaTV
02.08.2023ж. 10:48
623
Төрт адам қаза тапты: СҚО-да шошқа өсіретін кешенде төтенше жағдай болды

СҚО-да Тайынша ауданындағы EMS AGRO компаниясының шошқа өсіретін кешенінде төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауысым аяқталғаннан кейін ЖШС-нің төрт жұмысшысы Тайынша ауданы Новоивановка ауылдағы мал бордақылау алаңынан шықпаған. 8 метр тереңдіктегі кәріз қоймасын тазалау кезінде төртеуі де қаза тапқаны анықталды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, полиция бөлімінің бастығы Қабдулдинов А.Т., Тайынша ауданының прокуроры Әубәкіров Ғ.С., Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Омаров М.Қ. оқиға орнында екені айтылды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылған. Себептері анықталып жатыр.