"Қамауға алынған «ФинансОптоГрупп» компаниясының директоры босатылсын". Қарағандыда қаржы пирамидасына ақша салғандар осыны талап етуде. «Оптовка» аталатын ұйым мамырда
ашылған. Басшысы Елена Колесникова халықтан ақша жинап, аптасына 14 пайыз
өсіммен қайтарып отырған. 5 қазанда күмәнді мекеме жабылған соң, төлемдер
тоқтады. Ал 18-інші қазанда күдікті қамауға алынды. Салымшылар енді біз
табыстан айырылдық,- деп дабыл қағуда.
Ұлан
Жеңісов, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Минималды 2 жүз мыңнан жоғары салып отыр елдер. 5 миллионнан 24 млнға дейін. Ол кісіні ұстауға
болмайды деп ойлаймын. Өйткені қарапайым халықтың ақшасын қайтару керек. Ол
кісіні ұстағаннан пайда жоқ.
Айдана
Жұмағұлова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
Компания
тек қана ақшамен емес, тауар, қызмет көрсету, массаж бен косметика, ЭКСПО-ға
құрылыспен, бәрімен айналысқан. Бізге ақшамызды уақытында қайтарып отырды.
Мұнда ешкім алаяқтық көріп отырған жоқ. Ол кісі 5 октябрьге дейін халықпен
дұрыс жұмыс істеді.
Тексеру
анықтағандай, «ФинансОптоГрупп» серіктестігі қосалқы білім беру қызметін
көрсету мақсатында құрылған. Заң бойынша, мұндай қызметпен банктер айналысуы
тиіс,- дейді прокурорлар. Елден заңсыз ақша жинаған Колесникованың жекеменшік
пәтері, бағалы мүлкі мен бизнесі де жоқ көрінеді. Тек жеке кәсіпкер ретінде
сауда-саттықпен айналысқан.
4-5 айда мекемеге 4 мыңдай адамның ақша салып
үлгергені күмән тудырады. Тек қана Октябрь ауданы тұрғындарына келген шығын
көлемі 1 млрд жуық. Қазір «Аса ірі көлемде қаржы не мүлік тарату мақсатында қаржы пирамидасын
құрып, басқару» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдіктіден
100 млн теңгедей ақша мен қымбат көлік тәркіленген.
Азамат
Тілешов, Қарағанды қаласы Октябрь
аудандық прокуратурасының прокуроры:
Кейбір
азаматтар салымшыларды заңсыз наразылық акцияларын жүргізуге шақырып отырғаны
анықталды. Ұлт және әлеуметтік араздық тудыру мақсатында әдейі жалған
ақпараттар таратылуда. Осындай әрекеттер ҚР заңнамасына қарама-қайшы
келеді. Сондықтан аталған әрекеттерге бой бермей, барлық азаматтарды қоғамдық тәртіп тұрақтылығын сақтауға
шақырамын.
Айжан
ҚУАШ