Шахтинск
қаласында жылу бағасына қатысты дау шешімін таппай тұр. Бұл мәселе өткен жылыту
маусымында басталған еді. Тарифті бірден 3 есеге қымбаттатқан жергілікті
компанияның әрекетін сот заңсыз деп таныған. Бірақ, осыған қарамастан, «Шахтинсктеплоэнерго» серіктестігі бағаны арзандатқан жоқ. Компания өкілдері
мен халықтың кездесуінде де мәселе шешілмеді. Тұрғындар енді үкіметтен өздерін
Қарағандыға көшіруді сұрап отыр.
Должны
отдать вам за тепло и просто сдохнуть с голоду.
Шахтинск
қаласындағы жеке секторда тұратын 350 үйдің тұрғындары осылай наразылық
білдіруде. Жылдар бойы пеш жағып жылынып келген жұрт біраз уақыт бұрын өз
қалталарынан ақша шығарып, орталық жылу жүйесіне қосылған. 1 шаршы метрге 80
теңгеден ақы да төлей бастаған еді. Кенет қаңтар айынан бастап ол сомма 3 есеге
қымбаттап, 225 теңгеге жеткен. Серіктестіктің бұл әрекеті сотта қаралып, тарифті
бекіткен облыс әкімдігінің қаулысын екі бірдей сот заңсыз деп таныды.
Венера
Зарипова, Шахтинск қаласының тұрғыны:
Бұл
туралы үкіметтің қаулысы бар. Онда есептегіш құралдары жоқ тұрғындар үшін
тұтыну нормасы 2003 жылы белгіленген нормадан аспауы тиіс деп көрсетілген. «Шахтинсктеплоэнерго»
серіктестігінің осы заңды бұзғаны әшкереленді.
Жылу
беруші компания болса, тарифті қымбаттату арқылы құбырларды жөндейтінін алға
тартты. Шахтинскідегі құбырлардың 80 пайызы ескіргендіктен, жылу далаға кетіп
жатса керек. Бағаны өсіру сол шығындардың орнын толтырудың амалы, -деді.
Ерлан
Шаймағамбетов, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС
директоры:
Тұтыну
нормасы үйдің көпқабаттылығы мен жылуды тұтыну көлеміне байланысты. Үйдің қабаты
көп болған сайын, тұтыну нормасы азаяды. Ал, мұнда жеке сектор, 90 пайыздан
астамы жеке үй. Сондықтан шығын көп, сәйкесінше, баға да қымбат.
Наталья
Конотоп, Шахтинск қаласының тұрғыны:
Жылу
орталығына дейінгі құбырлар оралмаған, сондықтан жылу далаға кетеді. Ал, біздің
тартқызған құбырларымыз жаңа. Олардан қандай шығын болуы мүмкін?
Тұрғындардың
айтуынша, қалыптасқан жағдайға жергілікті билік өкілдері де мән бермей отыр.
Қала басшылығы бізге «төлей алмасаңдар, үйлеріңді сатып, көшіңдер» деп кесіп айтқан,- дейді олар.
Татьяна
Аушева, Шахтинск қаласының тұрғыны:
Олай
болса, бізді мемлекеттің есебінен Қарағандыға көшірсін. Қарағандыда заң бар.
Ал Шахтинск, Жезқазған секілді қалаларда
жағдай осы. Ендеше, елдің бәрі шағын қалаларды тастап кетсін. Сонда моноқалаларды дамыту бағдарламалары қайда қалады?
Айжан
Қуаш, тілші:
Жылуды
еш ескертпестен, қымбаттатқаны сотта әшкереленген «Шахтинсктеплоэнерго»
серіктестігі енді өз әркетін ескертіп жасамақшы. Халықпен сол үшін кездесіп, әр
үйге құны 250 мың теңге тұратын есептегіш құрал орнатуды ұсынды.
Алайда, зейнеткерлер оны қалтамыз көтермейді деп отыр. Ал тарифті қымбаттату
туралы ұсыныс облыс әкімдігінің энергетика бөлімінде қаралып жатыр. Тұрғындар
аймақ басшылығы жаңа көрсеткішті бекітсе, сотқа қайта шағымданбақшы.
Айжан
ҚУАШ