$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"2050 жылы той осылай болады". Ақтаулық ерекше фотосессия жасады

AstanaTV
03.08.2023ж. 12:16
980
"2050 жылы той осылай болады". Ақтаулық ерекше фотосессия жасады

Маңғыстау облысының фотографтары, ағайынды Нұрбол және Нүркен Салиевтер Ақтаудың қоқыс полигонында фотосессия жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар фотоларды Instagram-дағы әлеуметтік желілеріне салған.

Нұрбол Салиевтің айтуынша, қазір экология проблемасы - бүкіл жер планетасындағы ауқымды проблемаға айналып отыр.

"Ақтау 2050! Достар, қазір экологиялық проблема - ол тек қана бір ауыл, қала, елде емес, бүкіл әлем, жер планетасындағы ең ауқымды проблема! Жаһандық даму бәрімізге пэт-ыдыстар, полиэтилен пакеттер, т.б. өмірімізді жеңілдететін заттарды қолдануға мүмкіндік берді. Алайда таяқтың екінші басы өзімізге келіп тиіп жатыр", - дейді Нұрбол Салиев.


Фотограф эко-мәдениетті қалыптастыру Үкіметтің ғана жұмысы емес екенін, әр адам өз үйінен, өз отбасынан бастауы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл фотосессия барша адамзатқа сабақ болсын деген мақсатта жасалғанын айтты.

"Неліктен біз патриот емеспіз? Неге біз өз Отанын өз елін, өз жерін шын сүйетін азамат болып артымызды тазалап, өзімізден қалған қоқыстарды жинамаймыз? Неге үнемі кінәні өзгеден іздейміз? Эко-мәдениетті қалыптастыру Үкіметтің ғана жұмысы емес, әр адам өз үйінен, өз отбасынан бастаса, үйіміз де, еліміз де, жеріміз де тап таза болады. Осы фотосессия бәрімізге сабақ болсын деп жаратушымыздан тіледім! ️Эко-мәдениет жолында еңбек етіп, кәсіп жасап жүрген және осы жобада тигізген үлесі мен көмегі үшін Нүркен Салиев ағама алғыс айтамын. Жерімізді қоқыстан таза ұстау үшін , өзіміз қоқыс болмайық! Әйтпесе сонша айтқан 2050 осылай болмақ", - деп түйіндеді ол.