$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«Әуеден 10 тоннадан аса су шашылды»: Жамбыл облысында таулы аумақта өрт шықты

AstanaTV
03.08.2023ж. 12:54
1263
«Әуеден 10 тоннадан аса су шашылды»: Жамбыл облысында таулы аумақта өрт шықты

2 тамызда сағат 14.30-да Меркі ауданы, Ақтоған ауылынан 20 шақырым жерде «Меркі орман мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ аумағында таулы аумақта алдын ала божаммен 55 га алаңда қураған шөптің жану оқиғасы тіркелді.

Төтеншеліктер Ан-2 Казавиаорманқорғау ұшағында жиналған су құрылғысымен (1,5 тонна) аэровизуалды ұшу және жануды сөндіру жұмыстарын жүргізді, осылайша 7 рет әуеден су шашу жұмыстары жүзеге асырылды.

«Өртті сөндіруге 161 адам, 24 бірлік техника, 2 ұшақ және 1 тікұшағы, Қазорманавиақорғау, Жергілікті атқарушы органдарымен және Жамбыл облысы ТЖД күштерімен және құралдарымен жалғасуда», -делінген хабарламада.