$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлікпен адамдарды қағып, 3 жасар бала мерт болды

AstanaTV
03.08.2023ж. 14:00
839
Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлікпен адамдарды қағып, 3 жасар бала мерт болды

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адамдарды қағып кетті.

Оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында болған. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

«ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.