Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ертіс өзені тартылып, кемелердің жүру қиындады

03.08.2023ж. 20:00
1330
Ертіс өзені тартылып, кемелердің жүру қиындады

Ертіс өзені тартылып барады. Осылай деп дабыл қаққан мамандар өзен суының деңгей төмендегенін айтады. Соның салдарынан жүк таситын кемелердің жүруі де қиындап кеткен. Порт арқылы жүк тасымалдау екі есеге қысқарды.

Төлеген КҮЛЖАНОВ, ӨЗЕН ПОРТЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

15 см түсті. Бұл 10-15 см-ге түскені өзекті мәселе болып жатыр. Біздің кемелердің бұрылып, жүруіне бұлда кедергі жасап жатыр.

Ертістің тартылуы диқандарға да оңай болмай тұр. Су сорғызу құралдарын құм басып, жиі істен шығатын болған. Мамандардың айтуынша, өзен суы 1,5 метрге төмендеген.

Елеусіз ҚАМБАРОВ, ЕРТІС БАССЕЙІНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Биыл Ертіс өзені тасыған кезде жайылымдардың 32 пайызына ғана су барды. Себебі, көктемде Бұқтарма су қоймасынан жоспар бойынша 4,59 млрд. текше метр су жіберілу керек болатын. Алайда 4.11 млрд текше метр су босатылды.

Бұл Ертіс өзенінің қазіргі көрінісі. Ортасынан осындай құмды аралдар пайда болған.

Вероника ДИЗЕР, ҚАЗГИДРОМЕТТІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТЕХНИК ГИДРОЛОГЫ:

Павлодар облысында табиғи гидрологиялық режимнің бұзылуына Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларынан судың нормаға сай босатылмауы себеп болып отыр. Биыл ғана емес, соңғы бес жылда өзен суы тым төмендеп барады.

Мамандар Ертістің тартылуын тоқтатудың бір ғана жолы барын айтады. Бұған Шығыстағы су қоймаларынан су мөлшерін көбірек босату. Алайда, қазір Бұқтырмада да су қоры төмендеп кеткен. Сондықтан, әзірге бұл жоспарда іске аспауы мүмкін.