Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

«Аспандағы айды сұрап тұрған жоқпыз», - тұрғын

03.08.2023ж. 20:00
561
«Аспандағы айды сұрап тұрған жоқпыз», - тұрғын

Әлеуметтік желіде тараған бұл видео жұрттың жүрегін еліжретті. Алматы облысы, Еңбекші ауылының балалары ойын алаңқайларын сұрап, билік өкілдеріне үндеу тастады. Амалы қалмаған жеткіншектер тастан қақпа жасап, шаң-тозаң болып доп тебеді.

Ұлбосын МАМЫТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақстанның деңгейінде шулатып, видео салып жатқан менің үлкен ұлым. Бізде бір үйдің өзінен 4-5 баладан шығады. Балада бос уақыт көп, сандалып көп жүреді далада. Ыстық кезде үйге бүркеп тоже отыра алмаймыз.

Бағдат ТЕРНАЗАР, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жақта бізде ойнайтын ештеңе жоқ. Далада бір балалар ойнайды іштеріп піскен соң заброшенный үйлерге кіреді, шөптердің арасында жүреміз. Бізге площадка керек. Біз де қаланың балалары сияқты ойнағымыз келеді далада.

Ауылдағы мәселелер мұнымен бітпейді. Көше жолдарын өз қалтасынан төсеу тұрғындар үшін үйреншікті жағдайға арналған. Жарық та жоқ, тас қараңғыда жандарын шүберекке түйіп жүретін көрінеді. Бұдан бөлек жергілікті халық автобус мәселесі шешілсе екен дейді. Ауыл ішіне қатынайтын қоғамдық көлік жоқ. Балаларын жетектеген аналар тас жолға қарай бірнеше шақырымды жаяу өтіп жүреді.

Ләззат ЕРДӘУЛЕТҚЫЗЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Нақты осы ауылдың ішінен жүретін маршрут керек. Құлжа трассасында, өйткені, көптеген өлім жағдайлары болды. Ол жерден қатты жүреді машиналар. Жету үшін 30 минут жаяу жүреміз шаң-тозаңмен.

Кеңдала ауылдық округінің әкімдігі, әдеттегідей, «барлығы қаражатқа кеп тіреледі» деп ақталды. Айтуларынша, жақын арада мұндағылар ойын алаңқайын көрмейтін тәрізді. Себебі, бұл маңдағы үйлер 4-5 жыл бұрын ғана бой көтерген, әлі де құрылыс жүріп жатқан аумақ.

Айбек АҚЫЛЖАНОВ, ТАЛҒАР АУДАНЫ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Маршрут жібереміз, 2-3 адам жүреді, жаққан көліктің топливосы бар. Биылға жер телімдері жоқ ойын алаңдарын орнататын. Жаңа құрылыс аумағына біреу, ескі ауылда үшеу, мемлекеттік актілер дайын болғаннан кейін 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі дайын жерге, балалар алаңын орнатуға.

Еңбекшіліктер құр уәдеден әбден шаршаған. Жан айқайымызды еститін құлақ болып, ауылымыз тасада қалып қоймаса екен дейді.