Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордада "Жастар рухы" жастар қанаты есірткі жарнамаларын өшіруге кірісті

03.08.2023ж. 20:00
836
Елордада "Жастар рухы" жастар қанаты есірткі жарнамаларын өшіруге кірісті

"Жастар Рухы" белсенділері тұрғын үй алаптары маңындағы есірткі жарнамаларын өшірді. Яғни, әртүрлі мекен-жайлар мен күдікті жазулардың барлығын бояды. Партиялықтар акцияны алдымен елорданың оң жағалауынан бастады. Осы арқылы олар болашақ ұрпақты есірткісіз қоғамға бастаймыз дейді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жаңа оқу жылы келе жатыр қазір. Қалаларға студенттер келеді. Ауылдан жастар келеді. Сондықтанда бұндай қоғамның қасіретінен жастардың жапа шекпеуі үшін біз барынша өзіміздің мүмкіндіктерімізді қолымыздан келгенде істемек мақсатпен осындай графикаларды өшіруге кірістік.