$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО-да батарейка жұтып қойған бүлдіршінді дәрігерлер тұмау деп емдеген

AstanaTV
04.08.2023ж. 12:12
1318
ШҚО-да батарейка жұтып қойған бүлдіршінді дәрігерлер тұмау деп емдеген

Шығыс Қазақстанда бір жасар бүлдіршін батарейка жұтып, 1,5 ай ауырып жүрген. Бұл уақыт аралығында зайсандық дәрігерлер баланы тұмау мен фарингиттен емдеп келген. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Баланың анасы Маржанның айтуынша мамыр айында бір жасар бүлдіршін өзін нашар сезінген. Кейін оны Зайсандағы тұрғылықты жеріндегі емханаға апарған.

"Келесі айда екі жасқа толады. 26 мамырда тұмаумен қатты ауырды. Дене қызуы көтеріліп, жөтел болды. Емханаға педиатрға барғанымызда ол қарап, тыңдап, антибиотиктер, жөтелге қарсы сироптар жазып берді. Кішкене сауыққаннан кейін бала қатты тамақтарды мүлде жұта алмай қалды. Тәбеті болды. Бірақ жұта алмай, шайнап, түкіріп тастайтын. Тамақ ішсе қандай да бір шырышты сұйықтық құсатынды шығарды", - деді Маржан.

Әйел педиатрға қайта барған. Ол балаға фарингит диагнозын қойған.

"Ол қақырық түсіретін дәрі жазып берді. Тіпті кейбір медбикелер оның іште жатқанда су жұтып қойғанын, соның кесірінен шырышты сұйықтық пайда болғанын айтты. Кейін “уайымдама, өздігінен жазылып кетеді" деді. Бірақ бәрібір кетпеді. Біздің педиатр еңбек демалысында болды. Басқа дәрігерлер де фарингит деген диагноз қойды. Кейін дәрігер демалыстан келген соң Зайсанда толық тексеретін мамандарымыз, техникамыз жоқ болғандықтан қалаға баруға кеңес берді ", - деп бөлісті әйел.

Ана мен бала Өскеменге барғанымен ол жерде бос мамандар болмаған.

"Алматыға келіп, жеке педиатрдың қабылдауына жазылдық. Ол бізге педиатриялық орталыққа баруға, ЭГД жасауға кеңес берді. Педиатрия орталығынан олар батареяға ұқсайтын зат анықталды. Бізді дереу дәрігерге жіберді. Балалардың жедел жәрдем ауруханасында бірден рентген түсірілді. Олар оның батарейка жұтқанын айтып, кеңес жинап, салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндірді. Кейін сол күні ота жасалды", - деді Маржан.

Анасының айтуынша операция сәтті өтіп, баладан батарейка алынған. Қышқыл әсерінен өңеште күйік және тесіктер болмаған.