$511.22 €540.05 ₽4.73
×

"Сәл жеңілдеп қалдым". Блогер Рамина Таипова хиджабты не үшін шеше бастағанын түсіндірді

AstanaTV
04.08.2023ж. 12:40
1711
"Сәл жеңілдеп қалдым". Блогер Рамина Таипова хиджабты не үшін шеше бастағанын түсіндірді

Белгілі блогер Рамина Таипова қайтадан хиджабтан бас тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz .

Бұл туралы блогердің өзі Instagram-да айтты. Блогердің оқырмандары хиджаб киіп жүрген Рамина орамал таққанымен шашы көрініп жүргенін байқаған. 

"Қолдауларыңызға рақмет. Қазір өмірімде қиын кезеңнен өтіп жатырмын, ол отбасыма не басқа адамдарға қатысты емес. Тек өзіме, ішкі күйіме ғана қатысты. Әзірге мен үшін қиын. Бәрін түсіну үшін өзіме уақыт бердім. Мен алдап, жоғалып кетіп немесе Instagram-ды өшіріп тастағым келмейді. Егер өмірімде қандай да бір өзгеріс болса ол туралы бөлісемін. Орамалға келіп, қандай жауапкершілік жүктелгенін түсінемін", - дейді блогер. 

Блогердің хиджаб киіп жүрген кезі. Фото: instagram.com/taipovaaramina

Блогер 10 күннен бері депрессияда жүргенін, тіпті үйден шықпағанын айтады. 

"Бұл бір сондай кезең шығар, одан да өтетін шығармын. Намаз оқудан, Аллаға деген сенімнен бас тартқан жоқпын. Маған ештеңе жазудың қажеті жоқ, онсыз да қиын. Иә, асыққан шығармын, асықпаған да шығармын. Қазір жылағым келіп тұрған жоқ. Себебі бұған дейін де, қазір де маған қиын болды. Сіздермен бұл туралы қалай бөліссем екен деп ойладым, себебі тығылып жүре алмаймын. Шынайы болғым келеді. Әзірге мен үшін қиын, орамалды шешпеймін. Иә, шашым кішкене көрініп тұр, одан сәл жеңілдеп қалдым. Егер өмірімде өзгеріс болса ол туралы міндетті түрде бөлісемін", - деді блогер.     

Еске салайық, бұған дейін Dequine лақапатымен танымал әнші Данеля Садықова не үшін хиджабты шешкенін айтқан болатын.

"Бір жарым жылдай хиджаб кидім. Бұл - маған көп нәрсе үйреткен керемет уақыт. Неге шештім? Шын мәнінде, айналысқым келетін нәрсе және өмірімді зерттеп, сезінгім келетін бөлігім Ислам нормаларына және Исламдағы адамның бейнесіне сәйкес келмейтінін мойындадым", - дейді ол. 

Өнер иесі 10-сыныпта хиджаб кигенін айтты.