$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шымкентте такси жолаушысынан 10 келіден асатын марихуана табылды

04.08.2023ж. 20:00
1018
Шымкентте такси жолаушысынан 10 келіден асатын марихуана табылды

Шымкентте қалааралық таксидің жолаушысы бір қап марихуанамен ұсталды. Тараз бен Шымкенттің арасында жолаушылар тасымалымен айналысатын «Opel» маркалы автокөлігі түнгі уақытта қаланың кіре беріс бөлігінде тоқтатылған. Әйел адам бір таксиді жалғыз өзі жалға алыпты. Оның жол сөмкесін тексеру кезінде жедел уәкілдер есірткіге ұқсас заттары бар полипропилен пакетін тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 10 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Күдікті қазір қамауда. Айта кетейік, мұндай қылмысты жасаған адамға ҚР Қылмыстық кодексінде 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.