$523.58 €549.71 ₽5.01
×

"Жол азабын тартып келеміз", - тұрғын

04.08.2023ж. 20:00
770
"Жол азабын тартып келеміз", - тұрғын

Ақмола облысы Аққайың ауылының тұрғындары жолдың азабын тартып келеді. Ауыл маңындағы үш карьерге қатынайтын 40 тонналық техникаларда мәселені ушықтырып тұр.

Виталий, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдар карьерлерден трассаға дейін жасалмаған, үнемі шаң көтеріледі. Ауыр техникалар жолды шұрық-тесікке айналдырды. Жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері қатынай алмайды.

Қазір жол жөнделіп жатыр. Бірақ тұрғындар қайта ойдым-ойдымы шыға деп алаңдайды.

Оразбай САЛМЕНОВ, ҚЫЗЫЛСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Тұрғындар сотқа жүгіне алады, шешім шығарылса, карьерлер жабылады. Ашылған жаңа карьердің бізге қатысы жоқ, ол мемлекеттік орман қорының меншігінде.

Ауылды жерді қоя тұрғанда, Елорданың өзінде көлік жүретін тегіс жолы жоқ көшелер бар. Тұрғындардың айтуынша көктем мен күзде бұл жермен жүру мүмкін емес. Қар еріп, жаңбыр жауса жолдың шұрық-тесігі шығады.

Виктор ШИБУНЯЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қашанғы шыдауға болады. Бұл жолмен жүретін көлік көп. Ал, жолдың сиқы мынау. Жазда шаң көтеріледі. Ал қыста жүру тіптен қиын. Бұл жермен түнде жаяу жүрудің өзі өте қорқынышты. Жарық жоқ.

Жергілікті әкімдік жол жөндеуге қатысты жоба әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

АСТАНА Қ. АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ:

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен Махтумкули көшесі бойынша жоба әзірленуде. Жоба 2 кезеңнен тұрады. Алдымен І.Жансүгіров - Ғ.Мұстафин көшелері аралығы; содан кейін Ғ.Мұстафин көшесі - Р.Қошқарбаев даңғылы аралығына дайындалады.

Тақтайдай жолмен жүру үшін тұрғындар әзірге күте тұрудан басқа амалдары жоқ.