Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі бала, - деп хабарлайды Massaget.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 3 тамызда Күршім-Қалжыр тасжолының 99-шақырымында болған.
"Nissan Teana" мен КамАЗ көліктері соқтығысты, салдарынан 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылы туған бала оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Соталды тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.