Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының әлеуметтік желідегі видеосы көпшілікке ой салды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Менің ойымша, бақытты әйел — жүрегінде уайымы жоқ әйел. Бірақ ол мүмкін бе? Ол мүмкін емес секілді… Себебі, дүниеге бала әкелгеннен кейін, қоғамда өмір сүргеннен кейін, туған-туыспен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін уайым, жауапкершілік, мейірімділік жүректі жүз пайызға тынышталдырады деп айта алмаймын. Табиғатынан, жаратылысынан әйелдің жүрегі махаббатқа толы болған соң, ол оны беруге дайын. Сол себепті, бақытты әйел — жүрегіндегі уайымы аз әйел дер едім», — деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Ал желі қолданушылары: «Дұрыс айтасыз», «Дәл қазір уайымсыз өмір сүру мүмкін емес», «Уайым жоқ болса, тыныш өмір ғой», «Төрт құбыласы тең отбасы жоқ-ау», «Әйел адамда уайым көп», «Бір кем дүние. Бақыттымын деп айта алатын әйел мыңнан біреу шығар», — деп ойларын ортаға салды.