Бразилиялық суретші Эдуардо Кац 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін салып келген «Агора» (Ágora) атты туындысын ғарышқа жіберетінін мәлімдеді. Ол «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық сериалын жасаушы Джин Родденберридің және АҚШ президенттері Джордж Вашингтон, Джон Кеннеди және Дуайт Эйзенхауэрдің ДНҚ-сымен бірге Айға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аzertag.az-ға сілтеме жасап.
Голограммаларды жасау әдістерімен бұрыннан тәжірибе жасап келе жатқан Кацтың өзі туындыларын «голопоэмалар» деп атайды. Бұл жағдайда шығарма португал тіліндегі Ágora сөзін бейнелейді, ол ежелгі грек тілінен аударғанда «жиналатын орын» дегенді білдіреді. Үстіндегі таңба болмаса, бұл сөз португал тілінде «қазір» дегенді білдіреді. Кац бұл сөзді көп мағыналы болғандықтан таңдаған.
Арт-туындының өзі екі бөліктен тұрады: 1,5 сантиметр болатын микроскопиялық шыны шаршы, оған деректер кодталған. Лазер әйнек арқылы 45 градус бұрышпен жарқыраған кезде, Агора сөзі жасыл түспен проекцияланады.