$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында 2 адамды атып өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр

AstanaTV
06.08.2023ж. 13:06
536
Түркістан облысында 2 адамды атып өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында 2 адамды атып өлтірген күдіктілер іздестіріліп жатыр.

5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. «Ұстап алу» жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.