Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды.
«Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып, эвакуацияланды. 6 тамызда сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп, 3 қабатты «Алматы» қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды. Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 12:35-те оқшауланды.