Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Нөсерден кейін су басқан аялдамада "балық аулаған" Астана тұрғыны желі жұлдызына айналды

AstanaTV
07.08.2023ж. 10:07
1239
Нөсерден кейін су басқан аялдамада "балық аулаған" Астана тұрғыны желі жұлдызына айналды

Әлеуметтік желіде жауыннан соң су басқан аялдамада балық аулаған астаналықтың фотосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

6 тамызда нөсерден соң Астана көшелері суға толды. Ал желі қолданушылары қалада түсірілген суреттерді жариялап, жыл өткен сайын жағдайдың одан әрі нашарлап жатқанына шағымданды. Сөздерінше, көшелер жауын суына толып, тротуармен жүру мүмкін болмай қалады екен.

Ал Астана әкімдігі жауыннан соң қала бойынша 100 арнайы техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.

"Оның ішінде АС көліктері мен мотосорғыштар бар. "Elorda eco system" тұрақты негізде су бұру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жауын суының кәрізі мен тазарту құрылымдары салынып жатыр", – делінген ақпаратта.

Ал аялдамада балық аулап отырған жігіттің суретінің астында қала тұрғындары түрлі пікір қалдырды.